17.05.2022, 14:44
Оқылды: 35

«Өмір құндылықтары» тақырыбында суицидтің алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында «Өмір құндылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты - жеке құрам арасында суицидтің алдын алу.

WhatsApp Image 2022-05-17 at 15.19.01 (1)

Дөңгелек үстел департамент бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Рашид Бляловтың төрағалығымен өткізілді. Шараға облыстық психикалық денсаулық орталығының психологі О.Кин, Орал облыстық орталық мешітінің наиб-имамы Н.Убаев және Орал епархиясы ақпараттық бөлімінің басшысы Д.Дильманаев қатысты.

WhatsApp Image 2022-05-17 at 15.19.01 (2)

Адамның өз-өзіне қол жұмсауының астарында не жатыр? Суицидтің алдын алуға бола ма? Өткізілген іс-шараның да көздегені осы сұрақтарға жауап іздеп, төтенше жағдай қызметкерлерінің арасында суицидтік әрекеттерді болдырмауға да өз септігін тигізсе деген ниеттен туындады.

Психолог О.Кин суицидтің алдын алу туралы, сондай-ақ адамдарда пайда болатын суицидтік көңіл күйдің негізгі себептері, белгілері туралы сөз қозғады.  

Теологтар суицид тақырыбын діни аспектіде ашты. Ол кездесу қатысушыларына суицидтің алдын алудың көбінесе моралды-рухани жақтары мен салдарын жеткізді. Өмірдің құндылығы, денсаулықтың, өмір сүрудің маңыздылығы жөнінде түсіндірді.

Шара барысында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды.

 А.Махимова,

БҚО ТЖД ПҚТ бас маман-психологі,

азаматтық қорғау майоры

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале