19.02.2024, 17:03
Оқылды: 43

Оң қолсыз жерленген хан кім?

Х-ХІІ ғасырларда Қарахан дәуіріндегі сәулет өнерінің туындысы ретінде тұрғызылған кесенелердің бірі - Жошы хан күмбезі. Кеңгір өзенінің сол жағасына салынған Жошы хан кесенесі архитектуралық құрылысы жағынан күмбезді құрылысқа жатады.

жп дала

Кесене тік бұрышты, іргесін жер астынан қазып шығарған. Құрылыс материалдары күйдірілген кірпіш, ұсақ тас, әктен тұрады. Кесененің жалпы аумағы 9,55х7,25 метр. Күмбез бедерлі қалақ кірпіштермен әшекейленген. Кесенені көп қырлы барабанға орнату тәсілімен тұрғызған. Ішкі қабырғаларында таңбадан басқа ешбір әшекей жоқ. Еденіне қалақ кірпіштер төселген. Күмбезді қазу жұмысы кезінде екі қабір табылады. Қабір ішінен тақтай табытқа жерленген адамның сүйегі шыққан. Сүйектің оң қолы жоқ екендігі анықталады.

Бұл «Жошыны аң аулап жүргенде құланның айғыры шайнап өлтірді» деген халық аңызына сәйкес келеді. Халық аңызында «Жошыны жерлегенде бір қолын тауып қойған» деген жорамалдар айтылады.

Екінші қабір Жошының үлкен бәйбішесінің інісінің қызы деген болжам жасалады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

(«Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале