3.02.2023, 10:16
Оқылды: 236

Он мыңыншы қазақстандық өз көлігін заңдастырды

Көкшетау тұрғыны өз көлігін заңдастырған он мыңыншы адам болды, деп жазады ҚР Ішкі істер министрлігі. 

whatsapp-image-2023-02-02-at-101149

31 жастағы Азамат Еслямбеков Honda Odyssey маркалы автокөлікті Армениядан алып келген. Бүгін ер адам өзінің көлік құралын заңдастырып, қазақстандық техпаспортты, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлік белгіні алды.

Айта кету керек, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Өтінім беру жолдары:

eGov.kz үкімет порталы арқылы;

екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;

ХҚКО арқылы.

Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс, қылмыстық есепте болмауы керек, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет.

Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі тиіс.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале