8.12.2021, 9:23
Оқылды: 156

Өнер қазынасының орталығы 70 жылдық белес алдында

Облыстық халық шығармашылығы орталығы 1952 жылы «Халық шығармашылығы үйі» болып ашылды. Мәдениет саласында орталық «Облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы», 1999 жылы Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып құрылды.

1 (2)

Рухани орталық жүйесіне айналғанына 70 жылға жуықтады. Ел  мәдениетін жандандыру, сақтау, дамыту, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын, ел ішіндегі таланттарды таныту, қолдау және өңірдегі ауылдық, аудандық клуб мекемелерінің қызметін, өнерін өркендету, «халықтық» /үлгілі/ көркем-өнерпаз ұжымдардың шығармашылығын қалыптастыру, жан-жақты әдістемелік көмек көрсету бағытында жұмыс істейді. Біздің орталықтың негізі ұлттық құндылықтардан желі тартып, соның негізінде өнер түрлерін өрістетіп отыр. Соның ішінде  ел ішіндегі өнер кеніші – біздің басты темірқазығымыз.

Осы жылдар ішінде іскерлігі басым, талабы зор  Н.Петкевич, З.Құрманжанова, С.Хасанов, С.Құбашев, Н.Құрманалиева, Р.Шынтемірова, М.Омарғалиев, Д.Қажымов, М.Демесінов, С.Шауенов, Г.Қадешева, Б.Ғабделов, Ә.Жоламанов, М.Қамбетов  басшылық қызмет атқарған болатын.

Г.Қадешева, АҚуатова ұлағатты істерімен өнеге болса, халықтық «Ақжайық» би ансамблін алғаш құрған Қ.Ғаббасов, Ә Тасболатов есімдері ешқашан ұмытылмайды. Ал мәдениеттің сан қырлы саласын меңгеріп, елеулі еңбегімен танылған мәдениет майталмандары: Л.Рупенгей, Р.Қазиханова, Р.Сақыпкереева, А.Маемиров – тәжірибелік іскерлігі мол жандар.

Қазіргі таңда  облыс бойынша 263 клуб мекемесімен, соның ішінде 111 «халықтық» (үлгілі)  көркемөнерпаз ұжымымен тығыз байланыстамыз. Біздің орталық келешекке құнды мұра қалдыру бағытында облыстық, республи­ка­лық, халықаралық байқау, фести­валь­, ақындар айтысы, әр түрлі түрдегі шығармашылық кештер өткізіп, халық шы­ғар­машылығы жетістіктерін насихаттап келеді. Бұл жолда халқымыздың өнер қазынасын, біріншіден, жұртшылыққа кеңінен таныту, екіншіден, ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу, үшіншіден, мәдени шаралардың деңгейлік түрлерін кеңейтуге көңіл бөлінеді. Мысалы, ән өнерінің биік тұлғасы, Қазақ-стан Республикасының халық артисі, әнші-композитор, жерлесіміз Ескендір Хасанғалиев атындағы дәстүрлі ән кеші және халықаралық «Атамекен» ән фестивалі /алғаш рет 2000 жылы қолға алынған болса/, 2016 жылдан бері халық-
аралық дәрежеге көтеріліп, Қазақстанның өнерпаздары ғана емес, Ресейден, Қытайдан, Моңғолия, Өзбекстан елінің өнерлі жастары қатысып, талай жас дарындылар елге танылды. Бұл  ән фестивалі 11 рет өнер байрағын желбіретті. Сондай-ақ талаптары таудай, шабыттары жанған жас пен жасөспірім, бүлдіршіндердің өнерге қанат қағуына 20 жыл бойы «Бал-дәурен» балалар шығармашылығы және 25 жыл «Дала дарындары» шығармашыл жастар фестивальдері өнер көкжиегіне жаңа есімдер жазды. Олардың болашақта  үлкен сахналарда көрінулеріне, ел абыройын асқақтатуларына жол ашты. Осы орайда облыстық халық шығармашылығы орталығы ел арасынан шыққан дарынды жандардың қызықты әрі қиын өнер жолына нық қадам басуына, сөйтіп танымал артист, сахна саңлағы, елдің мақтанышына айналуына себепші болды. Атап айтсақ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын, әнші-термеші Қатимолла Бердіғалиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, әнші-композитор Донеділ Қажымов, Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қаратөбе ауданының құрметі азаматы, айтыскер ақын Шолпан Қыдырниязова, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері, ақын-жазушы, ұстаз Дариға Мұштанова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, әнші-композитор Жаскелең Ғайсағалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Казталов ауданының құрметті азаматы, «Әзіл әлемі» әзіл-ысқақ театрының директоры Тұрсынбек Қабатов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану PhD докторы, профессор Асхат Маемиров, ҚР еңбек сіңірген артисі, Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Сәуле Таудаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жаңылсын Хасанова.

Қазақ тарихындағы мерейлі белестер

Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлидің 80 жылдығы аясында ақын ескерткіші мен мәдениет және өнер орталығының ашылуына орай дүбірлі өнер мерекесі өтіп, «Өлмес өлең» республикалық жыр мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды.

Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығы шеңберінде Батыс Қазақстан облысы домбырашыларының «Нағыз қазақ домбыра» кең ауқымды акциясы кезінде 1700 домбырашы Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» күйлерін орындап, Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Ал облысымыздың қазақ би өнерін кеңінен насихаттаған «Биле, JASTYQ» кең ауқымды акциясында 1500 биші би өнерін асқақтатты. Сонымен бірге «Мен – қазақпын!» үнімен дара тұлға, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Жұбан Молдағалиев тұтас бейнесі сомдалған үлкен ескерткішінің бой көтеру салтанаты және Жайықтың елдік тұлғаларының шығармашылықтарына негізделген мәдени іс-шаралар: әдеби-музыкалық релиз, шығармашылық портрет, пролог, поэзиялық кеш, республикалық дуэт /сөз бен бояу/, дөңгелек үстел, поэзия-танымдық сағат, тренинг, республикалық шеру, флешмоб, «Мәдени КВЕСТ», «Мәдени ландшафт», кәсіби алаң, ақпараттандыру сағаты, облыс орталығындағы «Ақжайық» этноауыл ұлттық мәдени кешенінің ашылуы, «Астанаға сәлем!» ауданаралық өнер фестивалі, «Наурыз» мейрамы театрландырылған хореографиялық-композициялық қойылымы, Президенттік шырша түрінде ерекше сипатқа толы болып, жаңашылдықпен өткізілді. Соның ішінде қоғамдағы мәдениет пен руханиятты дамытуға бағытталған «Мәдени КВЕСТ», «Рухани қазына» фестивалі, «Мәдени ландшафт», «Кәсіби алаң», «Жыл директоры» облыстық байқаулары мәдени-демалыс қызметі жүйесіне жаңа технология, үздік тәжірибелер енгізіп, облыс көлеміндегі мә­дени нысандардың имиджін арттырды. Батыс өңіріндегі дәстүрлі ән, жыр-терме, күй, домбыра тарту өнерін дамытуда республикалық деңгейде жырау Марабай Құлжабайұлы мен Әбубәкір Кердері, халық композиторы Мұхит Мерәліұлы, Қазақстанның халық артисі, әнші-композитор Ғарифолла Құрманғалиев, Қазақ-станның еңбек сіңірген артисі, әнші-термеші Қаламқас Орашева атындағы әнші, термеші қыз-келіншектер байқауы, дарабоз күйшілер Құрманғазы Сағырбайұлы, күй анасы Дина Нұрпейісова мен күйші-композитор Сейтек Оразалыұлы, Дәулеткерей Шығайұлы мен Науша Бөкейхановқа арналған  байқаулардың  Жайық төрінде оздырылуын ұйымдастырып, ұлттық өнердің одан әрі жаңғыруына ықпал етіп отыр. Иә, мәдени бірегейлік нығаяды, мәдени серіктестік өрбиді.  Сондықтан да ілгерілеу ұлттық  мүддені толығырақ қамтитын бірлескен жобаларды жасауға, нәтижелі іс-шараларға тірелуде. Жайық даласы да ата жырынан кенде болған емес. Бірақ кейінгі кезде облыс бойынша жыршылықтың дамуы кемшін қалғаны да шындық.  Осыған орай «Жыр бастауы» жобасын 2019 жылы жоспарға енгізіп, жыршылық өнерді ел арасында дәстүрлі шара түрінде жолға қою, қажетті аудио, бейнежазбаларын жинау, сараптама жасау жұмыстарын бастады. Сонымен бірге «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалінде 10-15 жастағы үміткерлер арасында «жыр айту» аталымы енгізіліп, бұл жанрды дамытудың алғашқы нәтижелеріне қол жеткізілді. Ал биыл «Жыр бастау» және «Марабай таным» жобасы аясында эпик жыршы Марабай Құлжабай-ұлының 180 жылдығына орай жасөспірімдер арасында аудан-аралық онлайн «Ер Тарғын» жыршылар эстафетасы оздырылды. Батыс өңіріндегі жыршылық мектепті дамытуды жас жеткіншектер арасында бастауымыздың да өзіндік себебі бар. Ол осы өнердің ұрпақ тәрбиесінде, қоғам тәрбиесінде атқарар рөлінде, батырлар жырын құлағына құйып өскен бала міндетті түрде елін, жерін сүйетін тұлғаға айналады, насихат, өсиетпен өсетін болады. Сол себепті жыраулық өнердің ұлт тәрбиесіне тигізер маңызы жоғары екенін басты назарда ұстау - міндетіміз. Ал «Дала фольклоры мен мың жылдығы» аясында Ұлы дала мұрагерлерінің эпостық жыр, терме, халық әні, күйлер, басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарда орындауға арналған туындылар мен салт-дәстүрі, өнер қазынасын кеңінен танытуда «Қобыланды жырын» насихаттау челленджін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының басқарма төрағасы, Парасат ордені және М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі дүркін иегері, ақын, журналист Жүрсін Ерман бастап, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов пен кәсіпкер-меценат Дулат Тастекеевке жолдады.

1C3A3491 - копия

Дарабай жырау мерейтойы республикалық «Марабай тағылымы» ғылыми-танымдық конференциясымен жалғасып, Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау қаласынан елімізге танымал фольклортанушы ғалым, доцент, профессор, жыршы, өнер зерттеушілері Батыс өңірінде жыр мектебін қалыптастыру жөнінде ауқымды мәселелер көтерді. Тек ұйымдастыру ғана емес, қашанда мәдениетті жүйелендіруде тәжірибе қорытылып отырады. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында есімдері елімізге белгілі ақын-жазушылар, әнші-сазгерлердің ән, естеліктер, жыр, мақала, өлең жинақтары, суретшілер каталогі, аудио дискі шығарылды.

Сонымен бірге биыл ғасырлар бойы арман еткен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойы қарсаңында Жайық өңірінде облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен аудандық көркемөнерпаз ұжымдарының «Тәуелсіздікке тарту» өнер мерекесі өтті. Облыс бойынша халықтық (үлгілі) ұжымдарын ынталандыру, шығармашылық қызметтерін, біліктіліктерін жоғары деңгейде көрсету, сонымен қатар әр жанрдағы дарынды адамдардың және жетекшілердің одан әрі кәсіби қалыптасуын қолдау және насихаттау мақсатындағы өнер мерекесіне 160-қа жуық көркемөнерпаз қатысты. Ал дәстүрлі өнердің ұлықтаушысы, ҚР халық ағарту ісінің, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі» медалінің иегері халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, Казталов ауданы Жалпақтал ауылының үлгілі «Қыз Жібек» термешілер ансамблінің жетекшісі Баян Қабиева мен ізін жалғаушы ұлы Асылхан Бұлтановтың  шәкірттері орталықтың концерт залында «Қыз Жібек келді ортаңа» концертін тарту етті.  Өнер төрінен өз орнын тауып, халықтың үлкен қошеметіне бөленген «Қыз Жібек» термешілер ансамблі 2011 жылы құрылып, 2018 жылы «үлгілі» өнерпаз ұжымы атағын иеленді. Ансамбль құрамында 30-ға жуық  шәкірт тәрбиеленіп отыр. Бұл күнде өнер ұжымы Қазақстанды ғана емес, Чехия, Германия, Болгария, Венгрия, Ресей секілді шет мемлекеттерде өнер көрсетіп, қазақтың қара домбырасын әлемге танытып, қалың жұртшылықты өнерімен таңғалдырып келеді.

Егер «Өнер халықтың өз ішінен басталады» десек, облысымызда өнері мен талантын халқы, әнсүйер көрерменге арнап жүрген 30 шақты  әуесқой композитор бар. Біздің облыстық халық шығармашылығы орталығы олардың да шығармашылық жетістіктерін насихаттауға, аудан, облыс орталығында жыр кештерін өткізуге атсалысып отыр. Ал Қазақстан Композиторлар одағының мүшелері Д.Қажымов, Ж.Ғайсағалиев, Е.Нұрымбетовпен қатар,  әуесқой композиторлар Ғибадолла Хибашев, Гүлбаршын Қасиетова, Баян Қабиева, Думан Байтілеуов, Армат Алдамжаров, Ерлан Бекчурин әндері қазіргі таңда өнер әлемінде оң бағасын алды. Сондай-ақ батыс өңіріндегі 60 жылдан астам тарихы бар айтыс өнерінің халықаралық, республикалық деңгейдегі айшықты түрлері де халықтың жадында сақталды және ұлттық салт-дәстүр қазынасын жас отбасы, келін, жігіттермен қатар қариялар мен көп балалы аналар арасында да дәріптеу қолға алынды.

Бұл шаралардың қай-қайсысы болмасын, үлкен еңбектің арқасында атқарылып жатқан ұжымның жұмысы. Әрине, облыстық халық шығармашылығы орталығы деген мәртебесінің өзі-ақ көп дүниеден хабар береті-ні түсінікті, небір ғажайып туындылардың уақыт көшінен қалмай келе жатуы да тыңдарманға шеберлікпен жеткізілуінде. Бір айта кетерлігі, шығармашылық орталықта аудан, ауылдық клуб мекемелерінің мәдени-қызмет түрлерінің мазмұнын арттыру, жаңа идеялар мен инновацияны пайдалану, бү-гінгі күн талабына сай үлгілі қызмет көрсету, клуб мекемелерінің дамуы мен сақталуына жергілікті басқару құрылымдарының назарын аудару секілді талаптардан тұратын «Әдіскерлер» (2012 жылдан бері)  клубы ашылды. Негізі, облыс ішінде мәдениет қызметкерлерінің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру бағытында семинар-кеңестер мен шеберлік сынақтар өткізуді дәстүрге айналдырған бірден-бір жүйе. Оған қоса, аудан, ауыл халық театрлары, би, вокал, хор, әуесқой композиторлар, оркестр, жанұялық ансамбльдердің   облыстық, республикалық шеберлік сабақтары – орта­лық жұмысының бір бөлігі. Сондай-ақ білікті маман – әрбір істің көрсеткіші. Ал отыз жылдан астам осы ұжымда қызмет жасап, қажырлы еңбегімен таныла білген ҚР Мәдениет қайраткерлері орталық директорының орынбасары Н.Бердашева, үлгілі «Қызғалдақтар» би ансамблінің жетекшісі Р.Көжекешева мен Н.Саинова, Е.Молдағалиев және Б.Дәулетқалиева секілді ардагер өнер майталмандарының  жастарға берер үлгі-өнегесі мол. Осы аға буынның тәрбиесін алған, болашағынан үміт күттіретін жас мамандардың қатары жыл өткен сайын көбейіп келе жатқандығы да қуантады. Шығармашылық орталықтың халық шығармашылығы, мәдени-демалыстарды ұйымдастыру, ақпарат, басылым және жарнама, есеп, шаруашылық жөніндегі бөлімдерінде 43 қызметкер жұмыс істейді.

Орталық – рухани құндылықтардың насихатшысы

Иә, орталық – рухани құндылықтардың насихатшысы... Соның ішінде орталық еншісінде 45 жыл тарихы бар халықтық «Ақжайық»  және 20 жылдық тәжірибесі бар үлгілі «Қызғалдақтар» би ансамбльдері бар. Бұл ұжымдар қаншама бүлдіршін мен жастардың би өнерін игеруіне, республика, шетел сахналарында мың бұрала билеулеріне ықпал етті. Қазақ ұлттық би өнерінің бояуын жоғалтпай, толағай жетістіктерін жылдан-жылға молайтып отыр. Батыс өңірінің өнер тарихында өзіндік орны бар халықтық «Ақжайық» би ансамблі осыдан 45 жыл бұрын көрнекті қоғам қайраткері М.Ықсановтың қолдауымен, Қ.Ғаббасовтың жетекшілігімен құрылса, одан кейінгі уақыттарда балетмейстер С.Имашева мен Қ.Айтқалиеваның қолтаңбалары бар. Ансамбльдің қазіргі жетекшісі А.Дәулетова – би өнерін шебер меңгерген кәсіби маман. Ансамбль – Шара Жиенқұлова атындағы сыйлығының, Стамбул қаласында өткен «Фомгед» жастардың фольклорлық ән-би фестивалінің алтын медалінің, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының мәдениет және өнер саласындағы сыйлығының иегері, 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен мәдениет және өнер саласы «Үздік көркемөнерпаздар ұжымы – 2020» аталымының жеңімпазы.

Бүгінде өте бай репертуар жинақтаған халықтық «Ақжайық» би ансамблі республика мәдениеті мен өлкеде өткізілетін мәдени іс-шаралардың белсенді өнерпаздары. Ал «Ақжайық» халықтық вокалдық-хореографиялық ансамблінің алғашқы қарлығашы, 20 жылға жуық осы ансамбльде би өнерін дамыту жолында еңбек еткен Р.Көжекешеваның бүкіл саналы ғұмыры мен еңбек жолы хореография өнерімен тығыз байланысты. Ол 1994 жылы үлгілі «Қызғалдақтар» балалар би ансамблін құрса, қазір ансамбльде 100-ден астам шәкірт тәрбиеленуде. Ансамбль көптеген облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегері, Анталия, Махачкала қалаларында өткен фестивальдарға қатысты. Бүгінде ансамбль жетекшісі - Қарлығаш Саматова.

Жалпы, өнер өздігінен өрістеп, дамымайтыны белгілі. Оған қашанда қолдау керек. Өнерді шынайы болмысынан қол үздірмеу керек. Осы тұрғыдан келгенде, біздің облыстық халық шығармашылығы орталығының ұстанған бағдары, көздеген мақсаты да бір, ол – өнердің халықтық рухын сақтап қалу, соның тек-тамырына қан жүгіртіп, ұрпақтар еншісіне саф алтындай таза күйінде жеткізу. Мысалы, тәрбие көзінің бірі – театр репертуарын жаңартып, жаңа қойылымдарымен жетілдіру мақсатында облыс орталығында аудандық халықтық театрларының гастрольдік есептік қойылымын ұсыну, театр режиссерлерінің кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында биылғы жылы шығармашылық орталықта алғашқы рет халықтық театрлар режисерлері мен актерлеріне арналған облыстық «Режиссерлер» марафоны ұйымдастырылып, шығармашылыққа ізгі бастама болды. Халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдық мерейтойына орай ақын мен суретші шығармашылығымен үндескен республикалық дуэт (сөз бен бояу) байқауы оздырылды. Бұл байқаудың басым тұстары: өнер альянсын құруға болатындығы, келешекке ақын бейнелерінің жаңаша, жаңғыртылған түрлерін ұсына алатындығымыз және республика көлеміндегі өлең, сурет туындыларын ортақ іске жұмылдырып, ақынның туған жері Ақжайық ауданында жаңадан ашылған Жұбан орталығының төрі-нен орын алғандығында! Тек ұйымдастыру ғана емес, қашанда мәдениетті жүйелен-діруде тәжірибе қорытылып отырады. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында есімдері елімізге белгілі ақын-жазушылар, әнші-сазгерлердің ән, естеліктер, жыр, мақала, өлең жинақтары, суретшілер каталогі, аудио дискі шығарылды. Сондай-ақ «Өнер ордасы», «Өнерліге өріс кең», «Құт дарыған өнерлі өлке», «Терек-ті - тірегім, өнерлі жүрегім», «Ауыл – өнердің арқауы», «Сахна сыры», «Пьеса», «Ертегілер» жинағы, «Жайықтың жыр өрендері», «Мәдениет - ұлттың алтын арқауы»,  «Мәдениет дегеніміз – өнер» І, ІІ, ІІІ жинағы, «Айтыс – ғасырлар жемісі», «Жалынды жыр», «Мәдени шаралар» 2019, 2020 жылдар, облыстық халық шығармашылығы орталығы мен аудандық әдістемелік орталықтарының сценарий жинақтары мен облыстық семинар-кеңестердің тәжірибелік кітапшалары т.б. шығарылып, аудандарға көмек ретінде таратылды.

«Рухани қазына» - орталық мамандарының қолында болуы қажет. Өйткені қойылған мақсат жолында аянбай қызмет етіп отырған орталық мамандарының бірлесе еңбек етулері, кәсіби өнерпаздарға емес, ел ішінен шыққан дара таланттарға арқа сүйеуі, солардың өнеріне қанат бітіруі – мәртебелі іс. Мәдениет пен өнер қызметкерлеріне арналған «Рухани қазына» облыстық фестивалін ұйымдастыру да орталықтың маңызды іс-шарасының бірегейі. Алға қойған мақсаттарымыз, жоба-жоспарларымыз да айқын. Мысалы, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру үрдісінің жаңашыл бағыттары, оларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын үйрету, көркемөнер ұжымдары мен үйірмелердің жетекшілерінің кәсіби біліктілігін арттыру, шеберліктерін жетілдіру, мәдени-көпшілік шараларына жаңа әдіс, тәсілдер мен озық технология құралдарын тиім-ді пайдалану, байқаулар мен фестивальдер ұйымдастырып өткізу, концерттік бағдарламалар әзірлеу, соның ішінде ауылдық, аудандық көркем-өнерпаз ұжымдарының өнерін насихаттау, облыстық, республикалық, халықаралық байқау-фестивальдерге қатысуларына, яғни ауыл мәдениетін көтеру мақсатында облыс жұртшылығына театрлық қойылымдарын, есептік концерттерін, облыстық, республикалық семинар, шеберлік сағаттарын ұйымдастыру – басты назарда. Оның үстіне  «Тағылым тұмары», «Мәдени мозайка»,  «Ұлы дала құндылықтары»,  «Өнер - өшпес мұра», «MEN QAZAQPYN» халықаралық мегажобасы, «Жыр бастау», «Дәстүр мен ғұрып», «Қарымды қадам», «Руханият», «Марабай – таным» жобалары бойынша мақсат-міндеттерді жүзеге асыру – басты мақсат. Республика бойынша облыстық халық шығармашылығы орталықтары өз жұмыстарын бірыңғай жолға салып, мәдениеттің өрге басуына нақты бастау болып отырғаны айқын. Өзімізбен көршілес Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шымкент, Түркістан облыстық орталықтарымен әрқашан шығармашылық байланыстамыз. «Қарымды қадам» жобасы аясында халықтық және әуесқой театр режиссері, актерлерінің шығармашылық құрамы: байланыс, даму, өсу бағытында Шымкент қаласына,  облыстық  «Әдіскер» клубы мүшелері  «Руханият» мәдени-туристік жобасы аясында Түркістан каласының киелі орындары мен мәдени-тарихи  нысандарына тәжірибе алмасу мақсатында облыстық халық шығармашылығы орталығы және Бәйтерек, Бөкей ордасы, Казталов, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау ауданының әдіскер мамандары – барлығы 11 адам туристік саяхатқа шықты. Сондай-ақ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының» 2019 жылдан бергі «Үздік жобалар жинағы» бойынша өңірлер арасындағы озық тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін жасап, бәсекелестік орта қалыптастыру, қоғамдық сананы жаңғыртудың ең тиімді әдістері мен тәсілдерін талқылау және ілгерілетуге бағытталған жобада Батыс Қазақстан облысы бойынша облыстық халық шығармашылығы орталығының халық композиторы, әнші Мұхит Мерәліұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ән құдіретін асқақтатқан Мұхит сал» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы республикалық «Үздік жоба» жинағына енді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын болсақ, біздің облыстық халық шығармашылығы орталығы уақыт көшінен, ­заман ағымынан қалмай жемісті қызмет етіп келе жатыр. Тіпті облыс мәдениетінің даму барысын облыстық, республикалық БАҚ беттеріне, әлеуметтік желілерге жариялау, арнайы кітапшалар жинақтап тарату ісі де қолға алынды.  Әлі де ұлттық салт-дәстүрлерімізді, мәдениетіміздің небір ғажайып үлгілерін ұқыпты етіп жеткізе білудегі шеберліктері жанданатыны сөзсіз. Қашанда бұл ұжымды рухани құндылықтардың насихатшысы деп атауға толық негіз бар. Өнерді қадір тұтқан ұжымның алар асулары әлі де биік боларына сенім мол.

Мәулет Жұбатов,

облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале