ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында Қазақстанда жинақталған техногендік-минералдық қалдықтармен (ТМҚ) проблеманы шешу бойынша жоспарланған шаралар туралы баяндады.
Сурет: telegram.org
Ол елді мекендер маңында жинақталған техногендік-минералды қалдықтарға қатысты мәселені шешу үшін оларды елді мекендерден тыс жерлерге әкетуге және қайта өңдеуге мүмкіндік беретін заңнамаға өзгерістер енгізу пысықталып жатқанын атап өтті.
«Бұл әсіресе ТМҚ елеулі экологиялық проблемалар туғызатын моноқалалар үшін өте маңызды. Бұдан басқа, министрлік ТМҚ өңдеу үшін арнайы жеңілдетілген лицензияны енгізу мәселесін пысықтайтын болады. Ұсынылған шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ өндіріске жаңа шикізат көздерін тартуға мүмкіндік береді», — деп толықтырды Ерсайын Нағаспаев.