27.08.2022, 10:15
Оқылды: 44

Өңештің қатерлі ісігіне ота жасалды

Облыстық онкологиялық диспансерде өңештің қатерлі ісігі диагнозымен түскен науқасқа ота жасалды.

photo_182686

Облыстық онкологиялық диспансерге 64 жастағы науқас өңештің қатерлі ісігі диагнозымен медициналық көмекке жүгінген.

Науқасты жартылай қатты және мезгіл-мезгіл сұйық тағамнан өту, 10 келіден артық салмақ жоғалту, жалпы әлсіздік мазалаған.

Науқасқа өңеш пен асқазанның жүрек бөлігін субтотальды резекциялау операциясы жасалды. Операцияны онкохирургиялық бөлімшенің меңгерушісі, м.ғ.к. Тайман Аманов жасаған болатын.

Әлемде онкологиялық аурулардың проблемасы өзекті болып қалуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда қатерлі ісіктері бар науқастардың өсуі болжанып отыр. Өңеш обырының аурушаңдығы БҚО бойынша 4-орында, жыл сайын 100-120 науқас анықталады, оның ішінде 55-65% жағдайда пациенттерге жедел емдеу жүргізіледі.

Осылайша, дер кезінде жасалған ота нәтижесінде науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Тамақтың өткізгіштігі қалпына келтірілді, одан әрі ұсыныстар жасалды.

Айта кету керек, жоспарлы операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша, шұғыл ота медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша жүргізіледі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның БҚО бойыша филиалы

Суреттің дереккөзі: alashainasy.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале