3.10.2023, 9:30
Оқылды: 39

Өнім көлемі 2,2 есеге артқан

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндауынша 2022 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі елдің жалпы ішкі өнімінде 13,4% құрап, сауда мен тау-кен өнеркәсібінен кейінгі үшінші көрсеткішке қол жеткізді.

a642da00-1297-4635-9814-1a99611575ba

Сала өндірісінің оң динамикасы байқалады. Өткен жылы өндірілген өнімнің көлемі 21,1 трлн теңгені құрап, бес жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,2 есеге артты.

Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі сегіз ай ішінде 14 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1% өсті.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале