Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев Қазақстан Жазушылар одағының жергілікті мүшелерімен кездесті.
Сурет авторы: Мәди Салық
Ең әуелі өңір басшысы қаламгерлерді жаңа жылмен құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі. Сонымен қатар Айтқали Нәріков, Дариға Мұштанова, Махмет Қажиахметов, Ғайсағали Сейтақ, Аманкелді Шахин, Закария Сисенғали, Ұлдай Сариева бастаған жергілікті одақ мүшелеріне стипендия сертификатын тапсырды.
Содан соң Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстан облысындағы өкілі Бауыржан Ғұбайдуллин қаламгерлердің шығармашығын дамыту бағытында атқарылған игі жобаларға тоқталып өтті.
Өз кезегінде жиынға қатысқан қаламгерлер ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, Ақ Жайық өңіріндегі ақын-жазушылардың алдағы уақытта оқырманды қуатты шығармаларымен қуанта беретінін жеткізді.
Марлен Ғилымхан
«Орал өңірі»