5.05.2017, 9:36
Оқылды: 21

Өңір басшысы жұмыс сапарымен Теректі ауданына келді (ФОТО)

Terekti akim03   Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов бірқатар құрылыс нысандарымен, шаруашылықтардың жұмысымен танысу мақсатында Теректі, Сырым  аудандарына жұмыс сапарымен жолға шықты.


   Өңір басшысы аудандарға сапарын Теректі ауданына қарасты Подстепный ауылында ірге тасы қаланып жатқан Мәдениет үйінің құрылыс барысын көруден бастады.

Terekti akim02

  Айта кетейік, бұл ауылда осы уақытқа дейін Мәдениет үйі болмаған. 300 орынға есептелген мәдениет
ошағының құрылысына облыстық бюджеттен 340 миллион теңге қаржы бөлінген. Ғимарат құрылысын Сергей Потиченко басшылық ететін "Альтаир" ЖШС жүргізуде. Ағымдағы жылдың сәуір айында басталған құрылыстың аяқталу мерзімі келер жылдың ақпан айына жоспарланған.

Terekti akim01

   Құрылыс нысанында болған облыс әкімі мердігер компания басшысына сапаға баса көңіл бөлуді және техника қауіпсіздігін қатаң қадағалауды  тапсырды. Ал аудан әкімі Мұрат Мұқаевқа құрлыс аяқталған соң нысанның айналасын толықтай абаттандырып, жаяу жүргіншілер жолын төсеуді жүктеді.

Нұрбек Оразаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале