...Қырық құрау болған электр желісінің кем-кетігін бүтіндеуге жыл сайын құмға сіңген судай құйылатын миллиондаған теңге өңір энергетикасының «жыртығын да жамай» алмайды.
Аймақтағы ахуалды тұтас сараласақ, БҚ ЭЖТК білек сыбанып кіріскен күннің өзінде, 180 мыңдай электр бағанын ауыстыруға тура келеді. Биыл 500-ден астам ғана бағанды жаңалау жоспарланған. Экватордың ұзындығы 41 мың шақы-рымға жуық деп алсақ, Батыс Қазақстан облысындағы электр желісінің жалпы ұзындығы 21 мың шақырымға жуықтайды. Осы көрсеткіштен-ақ мәселенің күйіп тұр-ғанын бірден аңғаруға болады. Тілек Харин инвестбағдарлама ауқымында бөлінген қаржының 80 пайызы Орал қаласындағы инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бөлінгенін айтты. Себебі жалпы электр қуатын тұтыну көлемінің 70 пайызы облыс орталығындағы абономент үлесінде. Яғни табыстың басым бөлігін қала беріп отыр. Ауыл-аймақтағы электр қуатынан түсетін пайда мен шығын үлесі теңбе-тең түсіп жатады, кейде шығын көлемі көп болады. Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 2020 жылы қаланың электр желілерін күрделі және ағымдағы жөндеу жұмысына 86 662,4 мың теңгені құрады. Қосалқы стансаның электр құрылғыларын, әуе және кабельді желілерді күрделі жөндеу жұмысының орындалуы 78%-ға жеткен. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде Деркөл кентінде 10 кВ әуе желісінде үш бақылау-техникалық пункті ауыстырылды. Биыл «Ақжайық» шағынауданында және Орал – Саратов трассасында электрмен жабдықтау бойынша бірқатар нысан пайдалануға берілді. Қазіргі есеп бойынша қала аумағындағы электр желілерінің 72%-ы ескірген.
Нұртай Текебай,
zhaikpress.kz
Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірінің" №88 санынан оқи аласыздар