4.06.2025, 17:00
Оқылды: 461

Өңірде 1000 шақырымнан астам жол жөнделді

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, соңғы жылдары елімізде, соның ішінде Батыс Қазақстан облысында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Бұл – өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырудағы маңызды қадам.

WhatsApp Image 2025-06-04 at 17.17.59 (3)
Атап айтқанда, 2023-2024 жылдары аралығында облыс бойынша 1 032 шақырым жол жөнделіп, халықтың игілігіне берілді. 2023 жылы – 562 км, 2024 жылы – 470 км жол жөндеу және құрылыс жұмыстары аяқталды.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы тікелей тапсырмасымен басталған Казталов, Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын 245 шақырымдық жол құрылысы 2024 жылы толығымен тәмамдалды. 2019-2022 жылдары – 125 км, 2023 жылы – 104 км және 2024 жылы – соңғы 16 км жол құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

WhatsApp Image 2025-06-04 at 17.18.30 (1)

Әсіресе, облыс орталығынан 500 шақырым қашықтықта орналасқан Жәнібек ауданы үшін бұл – тарихи оқиға. Жол қатынасының жақсаруы аудан тұрғындарының өмір сапасын арттырып, жедел жәрдем, мектеп, бизнес және басқа да қызметтердің қолжетімділігін едәуір жеңілдетті. Биылғы жылы да бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. 2025 жылы тағы 200 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарланып отыр.

WhatsApp Image 2025-06-04 at 17.17.59 (2)

Жол салу – жай ғана инфрақұрылым емес, бұл – қауіпсіздік, жайлылық және болашаққа жол ашу. Бұл жұмыстар арқылы облыс ішіндегі көлік қозғалысы жақсарып, ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау жеңілдейді, өңірлік экономиканың дамуына серпін береді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале