14.06.2025, 13:11
Оқылды: 204

Өңірде шегіртке зиянкестерін жою жұмыстары жүргізіліп жатыр

Өңіріміздің бірнеше аудандарында шегіртке тектес зиянкестерге қарсы штаб отырысы өтті.

78158ed5-b365-410c-9a75-cf55650e6678

Штаб отырысына ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Сәкен Әсембекұлы, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ басшысының орынбасары Талғат Әмірұлы арнайы қатысты.

Жиынға төрағалық еткен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетов күн тәртібіне Батыс Қазақстан облысы аумағында шегіртке зиянкестерге қарсы  жүргізілген фитосанитариялық іс-шаралар және алда тұрған міндеттер туралы мәселесін қойды.

Жиында алғаш сөз алған аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев Қаратөбе ауданы бойынша атқарылған жұмыстар мен жоспарлары туралы баяндады.

5a5548ad-0594-4955-b2e1-6dc0ca99a67b

-   2025 жылға аса қауіпті зиянды ағза италияндық прус шегірткесіне қарсы 61200 гектарға, саяқ шегірткеге қарсы 2700 гектарға химиялық өңдеу жұмыстары жүргізу жоспарланды.

Бүгінгі таңда шегіртке тектес зиянкестердің көбейуіне байланысты 3-газогенератор техникасы химиялық өңдеу жұмыстарын атқаруда.

Жеңіл ұшақ жоспары 11 мың га. (мердігер «Агросила» ЖШС) өңделген жер көлемі 11,0.Орындалуы 100,0%. Бұл жұмыстарға 7 мың гектар жерге қосымша көлем белгіленіп, жеңіл ұшақпен химиялық өндеу жоспарлануда, - деді.

Кезегінде сөз алған ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО аумақтық инспекциясының басшысы Ерлан Құлатайұлы облыс бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

-     Республикалық бюджет есебінен 10 ауданның жерінде және Орал қаласы аумағында үйірлі шегіркелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын Жер үсті бүріккіштермен, Аэрозольді генераторлармен, Аса жеңіл ұшақпен және ұшқышсыз ұшу аппаратымен жүргізілуде.

Шегірткелердің даму қарқыны мен таралуы тікелей ауа-райына байланысты болуда. Зерттеу нәтижелері шегірткелердің жаппай көбею ықтималдығын жоққа шығармайды, бұл егіс алқаптарына, жайылымдар мен шабындықтарға елеулі қауіп төндіруі мүмкін.

Осыған орай республикалық бюджет есебінен үйірлі шегірткелерге қарсы қосымша өңдеу көлемдерін қарастыру мәселесі өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Зерттеу жұмыстарына әр ауданның мансап орталықтарынан әр бір ауылдық округтерде анықтаушылар жұмысқа тартылды.

Әкімдіктер жанынан  алынған жалпы анықтаушылар саны 551 адам, бұның жанында инспекция мамандары және болжам әдістемелік орталығының мамандары автокөліктерімен қатыстырылуда, - деді.

Сонымен қатар ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің БҚО филиалы басшысы Алтай Қапанұлы, Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы  Жасұлан Жолдыбайұлы атқарылған жұмыстары жөнінде қысқаша баяндама жасады.

Жиын соңында ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Сәкен Әсембекұлы штаб мүшелеріне тиісті тапсырмалар беріп, жұмысты жүйелі жасауға шақырды.

6aacf675-59e2-4214-81c1-272cd6b4caef

Штаб отырысынан соң штаб өкілдері аудандарға қарасты ауылдық округтер аумағындағы шегірткені улау жұмыстарымен танысты.

9b6a304e-1490-4231-ad19-b35500a93510

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале