9.04.2024, 16:45
Оқылды: 54

Өңірдегі су қоймаларындағы деңгей қандай?

"Бүгінгі таңда «Қазсушардың» су қоймаларында орташа толтырылуы 72% немесе 399 млн текше метрді құрайды (ҚТД 553,0 млн.м3). Филиал Ресей Федерациясының Орынбор және Саратов облыстарының су шаруашылығы қызметтерімен күнделікті ақпарат алмасуда. Ресейлік әріптестердің мәліметі бойынша, Батыс Қазақстан облысының аумағына Приузен су қоймасынан Үлкен Өзенге секундына 66 текше метр шығынымен су тасталуда, ағымдағы жылы максималды судың тастауы секундына 550 текше метрге жеткен", - деп хабарлайды "Қазсушар" РМК БҚО филиалы директорының м.а. Рауан Құсайынұлы. 

су дрон шаган два солдата жак

Үлкен Өзенде су тасқыны аяқталуда. Сары Өзенде су тасқыны аяқталды. Қазіргі таңда қосөзенге 400,0 млн текше метрден астам тасқын суы алынды. Бұл ағын су лимандарға және табиғи шабындықтарға, сондай-ақ су қоймалары мен көлдерді толтыруға бағытталды.

Шаған су қоймасында судың деңгейі 29,40 м құрады, өзгеріс жоқ, Су тастағыш иммараты 2023 жылдың күзінен бастап толық ашық, тасқын су иммарат арқылы еркін өтіп Жайық өзеніне тасталуда. Суды жазғы-күзгі мезгілдерге сақтап қалу үшін, су тастағыш иммараты тасқын мөлшері азайған кезде жабылатын болады. Шаған және Деркул өзендерінің бойындағы гидробекеттерде су деңгейінің төмендеуі байқалады.

Орынбор облысында орналасқан Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне су тастау мөлшері сағат 08:00 секундына 1670 текше метр болса, сағат 16:00 секундына 1342 текше метрге азайтылды, су қоймаға келетін судың азаюына байланысты максималды судың тастауы секундына 2170 текше метрге жеткен болатын.

Жайық өзені бір тәулікте 7 см қосып, сағат 08:00 710 см құраған болса, сағат 16:00 гидробекеттің нөлдік нүктесінен 713 см жетті, қауіпті деңгей 850 см құрайды. Су тасқыны басынан бері өзен деңгейі жалпы 6 метрге көтерілді. Бүгінгі таңда Жайық өзеніндегі су деңгейі жергілікті ағынның және орта ағысында орналасқан өзендердің суынан көтерілді. Сәуір айының екінші жартысында Сақмара өзенің және Ирикла су қоймасынан тасталған судың есебінен көтерілуі күтілуде.

Жайық өзенінен Жайық-Көшім жүйесіне су секундына 102 текше метр шығынымен түсуде. Қазіргі таңда су қоймаларына су жиналып жатыр, 8 сәуірден бастап көлтабандар мен табиғи шабындықтарға су беру басталды.

Филиалдың су шаруашылығы нысандарында жағдай тұрақты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале