22.01.2025, 19:00
Оқылды: 11

«Өңірдің 99 пайызы көгілдір отынмен қамтылған» – Бақытжан Нарымбетов

Бүгінгі таңда облыс халқының газбен қамтылу көрсеткіші 99,7%-ды құрайды. Бұл ретте, облыстағы 413 елді мекеннің 366 табиғи газбен қамтылған.

IMG_3950Сурет: ult.kz

Жалпы қазіргі уақытта елді мекендерді газдандыру мәселесі күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қатарынан шығарылып келеді. Бұл газ саласындағы соңғы жылдары атқарылған ауқамды жұмыстардың нәтижесі. Қазіргі таңда газдандырылмаған 7 елді мекенді көгілдір отынға қосу жұмысы жүріп жатыр.

Бүгінгі күні Жаңақала ауданындағы. Аққұс, Үшкемпір, Бәйтерек ауданындағы Спартак, Богатск, Забродин, Ақжайық ауданындағы Қадырқұл және Тасқала ауданындағы Өркен ауылдарына ғана газ жеткізілмеді. Сонымен қатар, Казталов ауданының 12 елді мекеніндегі 22 әлеуметтік нысан әлі күнге дейін көмірмен жылытылуда. Оларды төртеуін табиғи газға ауыстыру бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары дайын. Бұл жердеде қаржыландыру мәселесі оң шешілгеннен кейін жоба іске асырылатын болады.
Оған қоса, көршілес Ресей елінің газ құбырларына жалғану арқылы газдандырылған 4 елді мекеннің екеуін жергілікті газ құбырларына жалғау жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамалары дайын. (Бәйтерек ауданының Раздольное ауылы, Жәнібек ауданының Талов, Борсы, Камысты ауылдары).
Сондай-ақ облыстың 55 мыңға жуық тұрғыны бар 65 елді мекенді газбен қамтып отырған, апатты жағдайдағы «Ростоши-Тайпақ» газ құбырының бір бөлігін жаңарту бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды. Жоба бойынша 100 шақырым газ құбыры жаңартылады деп күтіліп отыр.
Орал қаласында Ақжайық шағынауданының салынуына байланысты тұрғындарды үздіксіз газбен қамту мақсатында Орал қаласында қуаты 150000 м3 болатын автоматтандырылған газ тарату станциясын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленді. Бұл жоба бойыншада қаражат мәселесі ашық.

Жоғарыда аталған жобалардың барлығын жүзеге асыру үшін 20 млрд. теңгеге жуық қаражат қажет.

Бақытжан Нарымбетов,
БҚО әкімінің орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале