9.04.2025, 16:00
Оқылды: 295

Өңірімізде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өтті

БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі өздерінің Facebook парақшасына жазды.

WhatsApp Image 2025-04-09 at 16.55.32 (1)

Күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды:
– 2025 жылғы су тасқыны кезеңінің қорытындысы мен келесі маусымға дайындық шаралары;
– 2025 жылғы өрт қауіпті кезеңіне дайындық барысы;
– 2025 жылғы суға шомылу маусымына қатысты қауіпсіздік мәселелері.

Отырыс барысында жауапты сала басшылары мен мамандар атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы кезеңге нақты ұсыныстарын ортаға салды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев төтенше жағдайлардың алдын алу – басты міндет екенін атап өтіп, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, өңір басшысы су тасқыны мен өрт қауіпсіздігі бағытында алдын алу шараларын күшейту, техникалық және материалдық жабдықтарды жаңарту, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу қажеттігін айтты.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті мекемелер мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы қатаң бақылауға алынатыны жеткізілді.

 

Фотоға түсірген Мәди Салық

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале