20.03.2020, 15:14
Оқылды: 33

Өңірлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 32 миллиард теңге бөлінеді

Өңір тұрғындарын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 32 миллиард теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

продукты_800x603

"Үкімет тарапынан азық-түлік пен халыққа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету жолдары толығымен қаралған. Бұл жұмыстарға 32 миллиард теңгеден аса ақша бөлу жоспарланып отыр (республикалық бюджеттен – 14,8 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен – 18 миллиард теңге)", - деді Тоғжанов. 

Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары қажет тауарлардың бағасын көтеру фактілері кездескен жағдайда қатаң заңды шаралар қолданылатынын ескертті.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале