Қазақстанда онлайн құрбандық шалуға мүмкіндік беретін сайт іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы qurban2022.kz сайты іске қосылғанын мәлім етті.
Сурет: Egemen.kz.
Айта кетейік, онлайн құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аудара алады.
Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады.
Бұдан кейін төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті.
Құрбандық шалынған соң оның фото және бейнеесебі тапсырыс беруші көрсеткен WhatsApp нөмірге жіберіледі.