Мемлекеттік корпорация сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
Пилоттық жоба негізінде азаматтарға ыңғайлы болу үшін электрондық үкімет порталы арқылы артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомасын қайтару бойынша сервиске қосылды.
Жаңа жоба қызмет алушылар үшін қате аударылған қаражатты қайтару жолын жеңілдетіп қана қоймай, Мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне жүктемені айтарлықтай азайтатынын атап өтеміз. Өтінім беру үшін жұмыс берушіге электрондық үкімет порталындағы деректерді толтыру қажет.
Сондай-ақ төлеушінің деректемелерін және оның төлем тапсырмасының деректерін көрсету қажет.
Айта кетейік, қате аударылған әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын қайтару, жүктілік және 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша берілетін әлеуметтік төлемдерінің дұрыс есептелуі мен тағайындалуы үшін қажет.
Енді жұмыс берушілер мен төлеушілер, өтінішті онлайн жіберіп, уақыттарын едәуір үнемдей алады.
Сондай-ақ жаңа сервистің арқасында қызмет көрсету мерзімі 15 күннен 12 жұмыс күніне дейін қысқартылды.
Сонымен қатар өтініш берушілер өтінішінің қаралу дәрежесін бақылай алады.
Айта кетейік, бұл сервис ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасында бірлесіп жасалған бұйрық нәтижесінде іске асырылды.
Аталмыш инновацияны жүзеге асыру «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлесіп атқарылған қызметінің нәтижесінде мүмкін болды.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" БҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі