25.10.2021, 12:35
Оқылды: 26

Онлайн санақтан өту қайта іске қосылды

Құрметті батысқазақстандықтар!

  Онлайн санақтан өту қайта іске қосылды! Өзіңізге ыңғайлы уақытта SANAQ.GOV.KZ сайты, E-GOV порталы немесе AITU мобильді қосымшасы арқылы сауалдарға жауап бере аласыз!

a7677f57-1c90-4f00-81a1-d00e6607ff8d.jpg.850x445_q82_crop_0

Бүгінгі күні облыс бойынша 306 515 адам онлайн режимде халық санағының сұрақтарына жауап берді. Осылайша, онлайн-санақ функциясын азаматтардың 46,16% ғана пайдаланған. Бұл көрсеткіш тұрғындардың санаққа қатысуының орташа деңгейін көрсетіп отыр.

Санақ аяқталғанға дейін аз ғана уақыт қалды, бірақ санақ қызметкерлері өз жұмысында күн сайын қиындықтарға тап болуда: кейде кейбір тұрғындар есік ашпайды, онлайн санақ туралы хабарлама нөмірлерін бермейді немесе сұхбат беруден бас тартады.

Егер сіз қалада не елде болмасаңыз, қолыңыз бос болмаса не интервьюердің сұрақтарына жауап берудің ретін таппасаңыз, сауалнама парағының сұрақтарына онлайн түрде жауап бере аласыз. Санақтан өту инструкциясын SANAQ.GOV.KZ сайтынан көре аласыз.

Өңіріміздің әрбір тұрғынын санақ жұмыстарын онлайн режимінде өтуге немесе санақ қызметкерлерінің қызметін пайдалануға шақырамыз!

Қазақстанда әркім маңызды!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале