Уақыт төреші деген сөзді жиі айтқанымызбен, кейде осы мәселеге жете мән бермейтін тұстарымыз бары өкінішті. Ұлт ретіндегі тарихымыз, ана тіліміз бен мәдениетіміз сақталып келді. Сан ғасырлар бойы отаршылдық езгіден, бодандықтан жоғалмай шықсақ, ол да біздің ана тіліміздің құдіреті мен қасиеті, ұлттық болмысымыздағы тек пен тамырдың негіздері екенінде дау жоқ. Ал оның бәрін ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші тіл мен мәдениет. Тіл мен мәдениетке жаулаушылық жүргізу, тілдік санадан айыру ұлттық сананы, болмысты жоюмен пара-пар.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №42 санындағы М.Өтемісов атындағы БҚУ доценті, философия докторы (PhD) Айдарбек Ақболатовтың «Ономастикалық атауларды жаңғырту мен жаңарту уақыт талабы» атты мақаласынан оқып біле аласыздар!
zhaikpress