13.09.2022, 15:30
Оқылды: 39

Оңтүстік Африкада су бөгеті бұзылып, 3 адам қаза тапты

Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) Фри-Стейт провинциясында шахта қоймасының су бөгеті бұзылып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

12

SABC телеарнасының хабарлауынша, оқиға Ягерсфонтейн кенті маңындағы қараусыз қалған алмас кенішінде орын алған. Төрт адам із-түзсіз жоғалды. Жергілікті билік Чарлсвилл ауылы мен оның төңірегіне үлкен шығын келгенін хабарлады. Көптеген отбасылар үйлерін тастап кеткен. Фри-Стейт провинциясының премьер-министрі Сиси Нтомбела бөгеттің бұзылуы салдарынан кем дегенде 35 адам, оның ішінде жүкті әйелдің жарақат алғанын айтты.

Апат болған аймақта электр қуаты үзіліп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Фото: Анадолы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале