29.12.2021, 11:40
Оқылды: 52

Оңтүстік Африканың бірнеше қаласын тасқын су басып қалды

Оңтүстік Африка Республикасының астанасы Претория мен елдің ең ірі қаласы Йоханнесбургтің басым бөлігі толассыз жауған нөсер салдарынан су астында қалды. Бұл туралы сейсенбіде News24 порталы екі мегаполистің муниципалды органдарына сілтеме жасап хабарлады.

A5658EB4-5407-4ECC-97EA-E54683DA7ED2

Жергілікті биліктің мәліметінше, астаналық аудандар – Хамманскрал мен Бронхорстспруит жартылай су астында қалған. Тұрғындарды эвакуациялау жүріп жатыр, құтқару жасағының қызметкерлері су тасқынын жою үшін ор қазуда.

Зардап шеккендер муниципалдық құрылыстардағы уақытша баспаналарға ауыстырылды. Йоханнесбургте Юкскей өзені арнасына асты, Дипслут, Клиптаун және тағы бірнеше елді мекеннің аудандарын су басты. Елдің басқа аймақтарында да бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауды.

Тасқын салдарынан сегіз адам қаза тапты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале