2.11.2021, 10:58
Оқылды: 44

Оңтүстік Кореяда құс тұмауының ошағы анықталды

Оңтүстік Кореяда жабайы құстар арасында құс тұмауының ошағы анықталды. Бұл жағдай елдегі құс фабрикаларына індет жұқтыру қаупін тудырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

5

Оңтүстік Кореяның ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, ауруға шалдығудың соңғы оқиғасы Оңтүстік Чхунчхон провинциясындағы Чхонан орталық қаласынан анықталған. Бұл ағымдағы жылдың 30 наурызынан бері құс тұмауына шалдығудың бірінші оқиғасы болды.

Министрлік елде ескерту деңгейін жоғары қызыл белгіге дейін көтеріп, карантин және қауіпсіздік шараларын енгізді. Вирус жұқтыру анықталған жер 500 метр радиуста қоршалып, жақын орналасқан фермаларға 21 күн бойы кіруге және одан шығуға шектеу қойылды.

«Бұл – биылғы маусымда расталға алғашқы жағдай. Вирусқа қарсы шаралар қатаң сақталуы тиіс», - деді министрлік өкілі.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале