18.06.2024, 17:49
Оқылды: 91

Оңтүстік Кореямен ынтымақтастық: Woosong университетінің филиалы Түркістанда ашылады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Woosong» білім беру қорының төрағасы Ким Джон Хенмен кездесті. Кездесуге «Woosong» білім беру қоры мен университетінің, сондай-ақ Түркістан облысының өкілдері қатысты. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

FDEABC2F-E1FC-4DC4-A113-A463A4C286F6

Сурет: министрліктен

Кездесудің негізгі тақырыбы – Түркістанда Woosong университетінің филиалын ашу, қазақстандық жоғары оқу орындары мен «Woosong» білім беру қорының өкілдерімен бірге университетаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылау. 

Министр ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып өтіп, Түркістанда филиал ашу үшін бірінші кезекте қандай мәселелерді шешу қажет екенін атады. Тараптар кездесу барысында жаңа университетті жобалау критерийлерін талқылады.

Сондай-ақ министр ішкі модульдерді дайындаудың және бағдарламаны егжей-тегжейлі талқылаудың маңыздылығын атап өтті.

«Woosong» білім беру қорының өкілдері министрді университетпен жақынырақ танысу және одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылау үшін Кореяға шақырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале