8.02.2024, 12:00
Оқылды: 100

Орал: 123 миллионнан астам ақшаны жымқырған 33 жастағы әйел қамауға алынды

Оралда 33 жастағы әйел адамдардың сеніміне кіріп, кейін оларды алдап кеткен. Әйел адам келтірген шығын көлемі 124 миллионға жуықтайды.

Ақша JP

- Кеше Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен 1991 жылғы күдіктіге қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-тармағы 2-бөлігі бойынша Орал қаласы прокурорының өтініш хаты қаралды. Істі қараған судья прокурордың өтінішін қанағаттандырып, 1991 жылғы әйел адамды екі ай мерзімге қамау туралы шешім шығарды, - деп мәлімдеді БҚО сотының баспасөз қызметі.

Біздің редакция бұған дейін «Қытайдан тауар тасимыз деген бір топ әйел алданып қалды» деген тақырыппен видеосюжет дайындаған болатын. Сол сюжетте бір топ әйел адам Абай полиция бөліміне барып арыз жазғаны туралы хабарлағанбыз. Біздің тілшімен кездескен жәбірленушілер  Г. есімді әйелге алданғандарын  айтқан еді. Енді сол азамат соттың шешімімен екі ай мерзімге қамалып отыр.

Ал қылмыстық істі БҚО Полиция департаменті әлі тергеп жатыр.

- Күдікті 2023 жылдан бастап алаяқтық жолмен өзінің материалдық жағдайын жақсарту мақсатында арзан бағада тұрмыстық-техникалық тауар алғысы келетін адамдарды тауып, оларды алдау арқылы ақшаларын жымқырған. Бүгінде алаяқтық жолмен келтірілген шығын көлемі 123 994 370 теңгені құрап отыр, - деді БҚО сотының баспасөз қызметінің өкілі Нұргүл Қанатбаева.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале