11.04.2025, 23:00
Оқылды: 105

Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына мониторинг жасалды

«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасының 2025 жылға арналған республикалық жұмыс жоспарының 4-тармағына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы көрсетілетін қызметтердің сапасына, материалдық-техникалық жарақтандыруға және тұру жағдайларына мониторинг жасау мақсатында «Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мониторингтік топ келді.

2415d325-8661-4aa7-a397-0d655d6197a0

Мониторингтік топ құрамында партия филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңес мүшелері, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері болды. Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қазіргі таңда 537 тұрғын бар. Әр санаттағы қызмет алушылармен орталықта 326 қызметкер, оның ішінде арнайы әлеуметтік қызметкерлер, психолог мамандар, дефектолог, логопед мамандар, дәрігер мамандар жұмыстанады.

e401ff8a-84a0-437d-821f-cad53f811256
Тұрғындардың жатын бөлмелері, тамақтану аймақтары, бос уақыт өткізу, кездесу бөлмелері мен жаттығу залдары, спортпен шұғылдану аймақтары, сонымен қатар қолөнер, тігін тігу, сурет салумен айналысуға арналған үйірме зоналары да мониторингтік топ назарынан тыс қалмады.

35a9db40-524b-4adf-9196-cee24dfe0ad5

Тұрғындарға уақытылы дайындалатын тағамдар, олардың сақталу орны, сақтау мерзімі белгіленген ережелерге сәйкес әзірленеді.

1423947c-c846-4b85-819e-bd051b33622a
- Бүгін осы саладағы екінші орталыққ мониторинг өткізіп отырмыз. Әлеуметтік қызмет көрсету орталағына көңіліміз толды. Қызметкерлер де өз жұмыстан шын жүректен атқаратыны көрініп тұр, себебі мүгедектегі бар жандармен, егде жастағы жандармен жұмыстаны үшін үлкен күш керек, жыл жүрек керек. Бүгін орталықтың барлық аумағын қарап шықтық. Тұрғындарға қолайлы орта жасалғанына көзіміз жетіп отыр, оның ішінде мүгедектегі бар адамдар мен үлкен кісілерге арнайы монша жасалғаны қуантып отыр, - деді мониторинг топ мүшесі Гүлмира Батпакулова.

f76825c1-5a90-445d-a643-c0ceead67a95
Мониторинг нәтижесінде мекеме қызметкерлерімен тұрғындарға жайлы жағдай жасауды күшейту мақсатында мемлекеттік мекемелерге ұсынбалар дайындалады.

Зарина Каирова,

«AMANAT» партиясы
Батыс Қазақстан облыстық филиалы
баспасөз хатшысы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале