Бүгін сағат 14:30 уақыт шамасында “Орал-Атырау” тас жолының 308-шақырымында 1991 жылғы жүргізушінің басқаруындағы “Газ-330273-753” маркалы көлігінің тіркемесі ажырап, қарсы жолаққа шығып кетіп, қарама-қарсы бағытта келе жатқан 27 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Toyota Camry» маркалы автокөлігімен соқтығысты.
Дереккөз: БҚО ПД
Жол апатынан «Toyota Camry» маркалы автокөлігінің жүргізушісі, 22 жастағы екі жолаушы және 42 жастағы жолаушы көз жұмды. Ақжайық аудандық ауруханасына 1979 және 1991 жылғы екі адам жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
zhaikpress.kz