20.04.2023, 16:45
Оқылды: 45

Орал әуежайында жаңа техниканы пайдалануға берілді

Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайы бұрын әуежай жұмысында пайдаланылмаған немесе аудит нәтижесі бойынша бұрын қолданыста болған, бірақ шұғыл ауыстыруды қажет еткен 14 техника мен механикаландыру құралдарын алды.

ARPH9061

Техника әуе торабы операторының жаңа меншік иесі жүргізіп жатқан әуежайды кешенді техникалық қайта жарақтандыру аясында пайдалануға берілді. Паркті жаңарту ұшақтарға қызмет көрсету және әуежайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Алынған техниканың ішінде сыйымдылығы 80 адам болатын МАЗ 105 жайлы жолаушылар автобусы бар. Автобус қазір жолаушыларды терминал ғимаратынан әуе кемелеріне жеткізу үшін қолданылады.

Әуежайдың иелігінде ТМХ 150 әуе кемелерін тіркеп сүйрейтін трактор (тартқыш) берілді. Ол көп дегенде ұшу салмағы 150 тоннаға дейін баратын әуе кемесін тіркеп сүйреуді қамтамасыз етеді. Шағын габариттеріне қарамастан, заманауи орта магистральды ұшақтарды еркін сүйреп апара алады. Алынған техниканың ішінде PSP-4800 түрік өндірісінің екі тіркеме басқышы бар. Бұл басқыштар есігі төрт метр биіктікке дейін орналасқан әуе кемелеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

ARPH9135

Жол жүкті тиеп және түсіру үшін қолданылатын S 8500 тіркеме таспа тасымалдаушысы алынды. Ол әуе кемелерінің кез келген түріне арналған. Онымен қатар жүкті, поштаны және жол жүкті  тасымалдау үшін жабық жол жүк арбалары қолданылады. Олардың артықшылығы - бұл жол жүктің, поштаның, жүктің қолайсыз ауа райынан сақталуын қамтамасыз ететін жабық түрі. Жоғарыда аталған техниканың әуеайлағы бойынша жылжытуы үшін МТЗ-320 Ч4 жүк тартқышы пайдаланылады.

Сонымен қатар штаттан тыс және қиын жағдайларда әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін қолданылатын техника енгізілді. Бұл күштік қосалқы қондырғы ақаулы және қандай да бір себептермен электрмен жабдықтау жүйесі бұзылған жағдайларда әуе кемесінің бортына электр қуат көзімен қамтамасыз ететін жердегі электрмен жабдықтау көзі. Сондай-ақ қыс мезгілінде ауа температурасы өте төмен болған кезде, берілетін ауа температурасы 80 градусқа дейін баратын, әуе кемелерін жылытуға арналған УМП 350 әмбебап моторлы жылытқышы.

ARPH9099

Әуежайдың қызметтері үшін өткіштігі жоғары екі Renault Duster көлігі алынды. Олар әуежайдың жұмысын және периметрді бақылау мен қорғауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Тағы бір сатып алынған нәрсе – төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмекке мұқтаж жолаушыларды тасымалдауға арналған жедел медициналық жәрдем автокөлігі болды.

Арнайы техникадан басқа, әуежай әуе кемелеріне қызмет көрсету кезінде қолданылатын әртүрлі көмекші жабдықтарды да алғанын айта кеткен жөн. Әуеайлағын кешенді қайта жарақтандыру жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын, әуекомпанияларға көрсетілетін қызмет деңгейін арттыруға және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Айнагүл Сакпусунова,

Орал халықаралық әуежайының

баспасөз қызметінің басшысы

Орал әуежайы жаңа техниканы пайдалануға енгізді

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале