17.12.2025, 17:00
Оқылды: 7

Орал әуежайының перронында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды  

Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайда перронды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Жобаның бас мердігері «Уральскводстрой» АҚ болды.

eb434c80-350a-48d4-a2ac-190173a7b2a3 +

Жобаны іске асырудың арқасында әуеайлақ инфрақұрылымының сенімділігі мен ұзақ жарамдылығының артуы, әуе кемелеріне қауіпсіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етілуі, әуежай қызметкерлерінің еңбек жағдайының жақсаруы күтілуде.

Әуе кемелеріне қызмет көрсету деңгейін арттыру әуежайдың маршруттық желісін кеңейтуде және жаңа әуекомпанияларды тартуда шешуші рөл атқарады.

433eb0c8-781a-4d01-80ea-41462661c524 ++

Әуежай жөндеу жұмыстарының барлық кезеңінде штаттық режимде жұмыс істеді. Әуе кемелерінің тұрақтарын кезең-кезеңімен жабудың арқасында жөндеу жұмыстары рейстердің жүйелілігіне әсер еткен жоқ.

78497110-5a14-4150-851f-0f20d41daac8 +++

Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайдың перроны әуе кемелерінің тұрағын, техникалық қызмет көрсетуін және ұшуға дайындығын қамтамасыз ететін аэродромның негізгі элементі болып табылады. Оны күрделі жөндеуден өткізу әуежайды және аймақтың бүкіл көлік жүйесін дамыту үшін стратегиялық маңызға ие. Жобаны іске асыру ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің талаптарына және ИКАО-ның халықаралық стандарттарына сәйкес келеді, бұл инфрақұрылымның сенімділігін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар әуежайдың Батыс Қазақстанның маңызды авиациялық торабы ретіндегі мәртебесін нығайтады.

Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале