25.08.2023, 11:59
Оқылды: 61

Орал-Бөкей сиезінде не шешілді?

Біле жүріңіз!

Өлке тарихында болған ірі тарихи оқиғаның бірі - Орал-Бөкей сиезінің өтуі.  Кешегі кеңестік тарихнамада жаба жазылып, оның тарихи маңызы сараланбады. Ендеше сол тарихи кезең қалай жүрді соған тоқталсақ.

жп

Орал губерниясы мен Бөкей губерниясын біріктіру өлкеде жаңа кеңестік әкімшілік-территориялық бірлікті алып келді. Біріккен Орал-Бөкей губерниясының VІ сиезі 1925 жылдың 16-19 наурыз күндері Орал қаласында шақырылды. Сиезді Орал губерниялық атқару комитетінің төрағасы Жалау Мыңбаев ашып, делегаттарды құттықтады. Сиез президиумына Мыңбаев, Мендешов, Боярский, Садуақасов, Равдель, Попов, Юсупбеков, Мастерков, Құлсарытов, Келімбетов, Досмұрзаев, Купешов, Кенжин, Синельников, Ширявцев сайланды.

Сиезде сөз алған Қазақ Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Сейтқали Меңдешов бұл оқиғаны: «өлкедегі біріккен екі  губернияның алғашқы сиезі деп атауға болады. Губерниялардың бірігуі экономикалық және уақыт жағынан дұрыс деп санаймын. Бүгінгі біріккен губернияда шамамен 600 000 мыңдай халық тұрады. Тұрғындардың құрамы негізінен қазақтар, казактар және қоныс аударушылар. Алда жаңа шаруашылықтарға көшу міндеті тұр» деп атап көрсетіпті.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале