26.04.2022, 12:45
Оқылды: 60

Орал қаласы мектептерінде - ұлағатты акция

Орал қаласы мектептерінде «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» акциясы ұйымдастырылып, оқушылардың аталары мен немерелерімен бірге игі шарадан табылды.

ата тал

Жер тоңы жібіп, алғашқы көк шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Осы ретте шаһарда жүргізіліп жатқан санитарлық-экологиялық айлығы аясында білім ұяларында да көшеттерді түптендіру шаралары кең көлемде ұйымдастырылуда. Оқушылардың аталары да жақсы бастаманы қолдап, акция шеңберінде  немерелерімен бірге ағаш екті.

Күл (ясень), терек (тополь) және жеміс ағаштары отырғызылды. Аталар ақ баталарын беріп, балалардың білім алып, елі үшін қызмт етуін, егілген жас көшеттердің де жайқалып, адамға сая, жемісі шөліркеген жанға сусын болуын тіледі.

атадан тал калсын

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» бұл бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті. Мектептерде  ұйымдастырылған акция оқушыларға үлгі-өнеге болып, табиғатты көгалдандыру, аялауға тәрбиелеуде  маңызды шара болды.

Білім ұяларындағы бұл акция жалғасын табуда.

Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале