17.02.2026, 9:28
Оқылды: 13

Орал қаласы NIS оқушылары FIRST Championship – 2026 әлемдік финалында Қазақстан атынан қатысады

Орал қаласы NIS оқушыларынан  құралған «Tidal Tumble» командасы Астана қаласында өткен «Central Asia First Championship – 2026» робототехника жарысында 2-орын иеленді. Сонымен қатар АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін сайыстың халықаралық кезеңіне жолдама алды.

IMG_1336.JPG

Өнертапқыш балалардың басын қосқан байқау «Alem TechFest – 2026» аясында ұйымдастырылды. Зияткерлеріміз First Lego League Challenge санатында «Robot Performance Winner» және «Champion's Award 2nd palace» аталымдарын жеңіп алып, аталған санат бойынша Қазақстан құрамасына енген 3 команданың бірі атанды.

Айтбаев Досхан (10 А), Жанболатұлы Бекнұр (10 C), Қожахмет Даниал (11 F), Туганбаев Демеу (11 E), Абилов Алдияр (11 E), Успанов Алим (10 B), Мажит Дамир (10 A), Абдрахманов Азат (11 F) есімді оқушылардан құралған команда қыркүйек айынан бастап аталмыш сайысқа қызу дайындықты бастады. Олар, алдымен, қараша айында Орал қаласында өткен «Jaiyq First Regional – 2025» жарысында жеңімпаз атанып, осы жарысқа жолдама ұтып алған болатын. Бүгінде Елорда төрінде жүлделі болып, алдағы уақытта әлемдік деңгейде таланттарын танытпақ.

Оған қоса, мектебіміздің 11-сынып оқушысы Уашев Таир «Nomadic. Dragons.FTC» командасының сапында  өнер көрсетіп, құрамамен бірге FIRST Tech Challenge (жоғары санат) бойынша үздіктер қатарынан көрініп, АҚШ-та өтетін халықаралық кезеңге қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Жетекшілері: мектебіміздің робототехника үйірмесінің жетекшісі  Мақсотов Армат Болатұлы және 12-сынып оқушысы Назар Таир.

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің

 баспасөз хатшысы Мөлдір Латифова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале