16.03.2026, 12:30
Оқылды: 13

Орал қаласы NIS оқушысы «Жібек жолы» халықаралық олимпиадасының жүлдегері атанды

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Мұрат Мейірбек халықаралық «Жібек жолы» математикалық олимпиадасында 3-орынға қол жеткізіп, қола жүлдегер атанды.

WhatsApp Image 2026-03-16 at 12.35.13

«Жібек жолы» олимпиадасы – Ұлы Жібек жолы бойындағы елдердің жас зияткерлері бас қосатын білім додасы. Биыл Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Әзірбайжан, Қытай және өзге де мемлекеттердің оқушылары бақ сынады. Олимпиада математикалық ғылымдар саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту мақсатында өткізіледі.

Аталған ауқымды сайыстың халықаралық кезеңі 10-12 наурыз аралығында Астана қаласында өтті. Қатысушылар алгебра, геометрия, сандар теориясы және комбинаторика бойынша терең білім мен ерекше ойлау қабілетін талап тетін күрделі есептерді шешті.

Үздіктер қатарынан көрінген Мейірбектің жетекшісі – Орал қаласы NIS-тің математика пәні мұғалімі Нурмаганбетова Бибинур Аманкельдиевна.

 

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале