27.08.2023, 13:48
Оқылды: 29

Орал қаласы NIS педагогтері – «ECER – 2023» халықаралық конференциясында

Орал қаласы NIS педагогтері Шотландияның Глазго қаласында өткен ECER – 2023 (Еуропалық білім беру зерттеулері) халықаралық конференциясына қатысты.

photo-output

Конференция мақсаты – әлемнің әр түкпірінен келген таңдаулы әрі білікті мұғалімдердің зерттеулеріне зер салу, педагогикалық пайым жасау, әртүрлілік мәселесін жан-жақты қарастыру.

Шетелдегі жиында директордың даму жөніндегі орынбасары Бақтыгүл Сегізбаева «Lesson Study тәсілі арқылы пәндік-тілдік интеграцияланған оқытуды (CLIL) күшейту: мұғалімдердің кәсіби дамуы және оқушылардың үлгеріміне әсері» тақырыбында таныстырылым жасап, химия пәнінің мұғалімдері Гүлсім Қиматова мен Mary Bejerano «Акт негізіндегі оқытудың химия студенттерінің академиялық үлгерімі мен STEM сауаттылығына әсері» тақырыбында зерттеу жұмысын назарға ұсынды.

photo-output

«ESER – 2023» халықаралық конференциясында мектеп моделі, менторинг, ақпараттық коммуникациялық технологиялардың мектеп қоғамдастығындағы әрекетке әсері тақырыптары көп қозғалып жатыр. 3000-нан астам педагог ой бөлісіп, тәжірибе толықтырудамыз,  – дейді конференцияға қатысу мүмкіндігіне ие болған мектеп мұғалімдері.

Сондай-ақ ұстаздарымыз әлемдік педагогикалық жиында функционалдық сауаттылық, бағалау туралы кеңірек айтылып, білім берудегі серіктестік де тың ойлар, жаңаша көзқарастар айтылғанын жеткізді.

photo-output

Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале