Орал қаласы бойынша №1 халыққа қызмет көрсету бөлімі автотұрақ ауданындағы ХҚО ғимаратына көшкенін хабарлаған болатынбыз. Техникалық себептерге байланысты азаматтарды құжаттандыру (жеке куәлік пен төлқұжат беру) қызметтері уақытша "Ural Car City" ғимаратында жүзеге асырылған болатын.
Бүгінгі таңда техникалық мәселелер шешілді. Енді барлық мемлекеттік қызметтер Жамбыл көшесі, 81/2 мекенжайындағы ХҚО-да көрсетіледі.
Ал Исатай-Махамбет көшесі, 164 мекенжайында орналасқан № 2 ХҚО бөлімінің жұмысында өзгеріс жоқ, қалыпты жұмыс жасауда.