26.04.2022, 12:15
Оқылды: 66

Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес Орал қаласының әкімі лауазымына Миржан Мұнайдарұлы Сатқанов тағайындалды.

WhatsApp Image 2022-04-26 at 13.08.16

Миржан Мұнайдарұлы Сатқанов 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Түркия Республикасы Докуз Ейлюл университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Орал қалалық қаржы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары:

- БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бас маманы, бөлім басшысы және басшы орынбасары;

- БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы;

- БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы;

-        БҚО әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

Бүгінгі күнге дейін Бөрлі ауданының әкімі болып еңбек етті.

 

________________

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале