9.01.2026, 11:30
Оқылды: 49

Орал қаласында 600-дей нысан абаттандыру тізіміне енгізілмеген

Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» идеологиясын орнықтыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз өңір» жобасы жүзеге асырылып жатыр, - деп жазады kaz.inform.kz

ЖП куз Орал (3)

Сурет сайт архивінен 

БҚО прокуроры Нұрбек Ұласбекұлының осы мәселеге арналған жиында мәлім еткеніндей, жоба қолға алынған өткен жылғы наурыз айынан бері бірқатар іс-шара жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, 42 көше мен 24 аула аумағы жарықтандырылып, жасанды интеллект элементтерімен қамтылған бейнебақылау камералары орнатылды.

— Іс-шаралар өңірде криминогендік ахуалды тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Өткен жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша облыс орталығында жалпы қылмыс деңгейі 2 пайызға кеміген еді. Ал жыл соңында бұл көрсеткіштің 8 пайызға дейін азайғаны тіркелді. Қоғамдық орындарда жасалатын мүліктік қылмыстар, бұзақылықтар саны қысқарды, нәтижесінде қала қауіпсіз бола түсті. Сондықтан «Қауіпсіз қала» жобасын жалғастыру туралы шешім қабылданды, — деді Н.Ұласбекұлы.

Оның айтуынша, бірқатар проблемалық мәселе зерттелген. Мысалы, жобаның қаланың барлық қауіпті аймақтарын қамтымағаны анықталды. Бұған жол бермеу үшін жобаға өзгерістер енгізілді.

— Күні бүгін қала бойынша абаттандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілмеген 600-дей нысан (ғимараттар, скверлер, жол, тротуарлар, жарықтандыру және басқа) бар. Сондықтан қала әкімдігіне тізімді қайта қарап, оларды реновация нысандары қатарына енгізу ұсынылады. Бұл ретте бюджеттік өтінімдер жолдап, биылғы жылы бюджетті нақтылаған кезде бекіту керек, — деді облыс прокуроры.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале