11.08.2022, 16:30
Оқылды: 63

Орал қаласында «Батыс су арнасы» ЖШС-ның нысандары бойынша баспасөз туры өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті табиғи монополия субъектісінің міндеттемелерді, атап айтқанда 2022 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау барысы туралы ашықтық және айқындық мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылық үшін баспасөз турын өткізуді жоспарлап отыр.

6Фото:crimeapress.info

2022 жылдың 16 тамызында сағат 11:00-де «Батыс су арнасы» ЖШС-ның нысандарына бару жоспарлануда:

1) К. Мусин көшесі бойынша (су құбыры желілерін қайта жаңарту);

2) Әбілқайыр хан даңғылы бойынша (су құбыры желілерін қайта жаңарту).

Осыған байланысты, Департамент аталған іс-шараға мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.

Анықтама телефоны: 8 (7112) 25-03-83.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің

БҚО бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале