10.12.2025, 11:45
Оқылды: 46

Орал қаласында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1325 Резолюциясын жүзеге асыруға арналған семинар-тренинг өтті

Шараның басты мақсаты – төтенше жағдайлар мен қақтығыстардың алдын алу мен оларды реттеу ісінде әйелдердің шешім қабылдауын арттыру және гендерлік теңдікті нығайту болды.

WhatsApp Image 2025-12-10 at 12.50.09

Семинарды ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко мен гендер мәселелері бойынша ұлттық сарапшы, «Отбасы табысы орталығы» қоғамдық қорының директоры Роза Бекишева жүргізді.

WhatsApp Image 2025-12-10 at 12.49.59

Шараға БҚО әкімдігі өкілдері, мемлекеттік органдар мамандары, медиаторлар, қоғамдық ұйымдар жетекшілері және жергілікті белсенді әйелдер қатысты.

Жанерке Ғинаят,

zhaikpress.kz

WhatsApp Image 2025-12-10 at 12.50.06 WhatsApp Image 2025-12-10 at 12.49.58

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале