2.10.2025, 10:15
Оқылды: 272

Орал қаласында дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі ашылды 

Орал қаласында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №8 мектеп-лицейі салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы Primeminister.kz сайты жазды.

87676786-1

Ол 1952 жылы салынған апатты мектептің орнына салынды. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім беру жағдайын жақсарту және сапалы білімнің баршаға бірдей қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.

novaia-skola-kz

Бұған дейін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан мектеп құрылысына 2,8 млрд теңге бөлген еді.

Жаңа ғимарат 400 оқушыға шақталып салынған және балалардың білім алуына барлық жағдай жасалған.

866786_1 img-20251001-191028-438 54386876

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале