27.08.2025, 9:45
Оқылды: 206

Орал қаласында кәріз инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов 18А кәріз-сорғы станциясының реконструкциялау жұмыстарының барысын тексерді. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігі өздерінің Facebook парақшасына жазды.
 WhatsApp Image 2025-08-27 at 10.36.40 (1)
Сурет: facebook.com
Қазіргі таңда КНС-18А нысанында:
• ғимараттың іргетасы көтеріліп, тас қалау жұмыстары аяқталды,
• ішкі бөлмелерді бөлу («перегородка») жұмыстары жүргізілуде,
• қосылу камераларына бетон құю жұмыстары атқарылуда.
Бұл жұмыстар аяқталған соң станция толықтай жаңартылып, қала тұрғындарын сапалы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мүмкіндігі артады.
Жуырда 18А кәріз-сорғы станциясының кәріз жүйесіне тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардың шамадан тыс түсуі тіркелген. Соның салдарынан сорғы жабдықтары бітеліп, екі сорғы істен шыққан. Кәріз суларын ішінара айдау тоқтатылғандықтан, құбырдағы су деңгейі көтеріліп, жақын маңдағы тұрғын аудандарда кәріз иісі пайда болды. Қазір жаңа сорғы жабдығы орнатылды. Бүгінгі таңда кәріз суының деңгейі нормативтік көрсеткіштерге сәйкес.
Әкім аралау барысында тиісті мекемелерге қажетті тапсырмалар беріп, жұмысты сапалы әрі уақытылы орындауды міндеттеді.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале