Форумға Қазақстан мен Ресей Президенттері онлайн қатысады деп күтіліп отыр.
Дәл қазір Атамекен өнер ордасында форум өз жұмысын бастады. Форумға мемлекеттік органның басшылары, бизнес өкілдері, білім мен ғылым саласының өкілдері қатысуда. Форум аясында цифрландыру, көлік және логистика, атомдық және дәстүрлі энергетика саласында маман даярлау мәселесі талқыланады.
Екі ел арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумы 2008 жылдан бері өтіп келеді.
Алғаш рет Орынбор қаласында өткен форум осымен 21-ші рет Орал қаласында өтуде.