26.03.2025, 10:15
Оқылды: 106

Орал қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының БҚО бойынша филиалы 1 сәуірден бастап Орал қаласында кезекшілік кестесі бойынша Жамбыл көшесі, 81/2 мекенжайында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейтінін хабарлайды. Азаматтарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9:00 - ден 20:00-ге дейін және сенбі күні сағат 9:00-ден 13 00-ге дейін жүргізіледі. 

цон хқко

Бұл ретте Исатай-Махамбет көшесі, 84 мекенжайында орналасқан ХҚКО жұмыс күндері сағат 9: 00-ден 18:00-ге дейін әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді.

Сонымен қатар, кезекші мамандандырылған ХҚКО мекен-жайы өзгеріссіз қалады: Жәңгір хан көшесі, 160. Ол дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00 – ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбіде 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

 

 "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының

БҚО бойынша филиалы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале