Қазанның 9-ы күні Орал қаласындағы №51 жалпы орта білім беретін мектепте «Адал ұрпақ – ортақ міндет» атты облыстық ата-аналар форумы өтті.

Форум ата-аналардың бала тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру, мектеп пен үй арасындағы байланысын нығайту, сондай-ақ «Адал азамат» тәрбие бағдарламасын бірлесе талқылап, нақты іс-қадамдармен толықтыруды мақсат етті.

Іс-шараға облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин білім саласының жетекшілері, мектеп басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Ал Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысы Алия Қайыржанова модератор қызметін атқарды
Бідім ұйымдары мен халық, әсіресе ата-ана арасындағы байланысты нығайтқан форумға
284 ата-ана, 100-ден астам мектеп басшысы, қоғам белсенділері, сарапшылар және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында бала құқығы мен қауіпсіздігі, адалдық пен азаматтық жауапкершілік, әке тәрбиесінің рөлі, ата-ана мен мектеп арасындағы серіктестік сияқты мәселелер қаралды.

Ашық пікір алаңына ұласқан форум қатысушылары бала тәрбиесіне қатысты өз көзқарастарын ортаға салып, тәжірибе алмасты.

Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұлттық құндылықтарды тәрбие жұмысына енгізу, ата-аналармен жүйелі байланыс орнату сынды өзекті мәселелерді кеңінен қозғады.

Форум барысында облыс пен қала мектептерінен келген белсенді ата-аналар алғыс хаттармен марапатталды.
Арал Болпышұлы