2.04.2026, 23:00
Оқылды: 143

Орал қаласында полицейлер бет-әлпетті тану технологиясының көмегімен алтын алқа ұрлығын ашты

Орал қаласы ПБ Абай полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері қылмысты жедел түрде ашты.

Полиция ЖП (жаңа фото)

Анықталғандай, 33 жастағы әйел сауда үйіндегі зергерлік дүкенге сатып алушы болып барып, витринадан алты алқаларды қараған кезде, құны шамамен 600 мың теңге тұратын алтын алқа ұрлаған.

Күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында криминалисттер жасанды интеллект негізіндегі аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданды, ол бет-әлпетті тануға және тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Ұрланған мүлік тәркіленді. Әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале