16.03.2026, 11:00
Оқылды: 17

Орал қаласында су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде

Орал қаласында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта қала аумағында арнайы жедел штаб құрылып, тиісті қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігі өздерінің Facebook парақшасына жазды.
2 кар тазалау
Қазіргі уақытта ауа райының жылынуына байланысты қала аумағынан қар шығару, еріген қар суын сору және арықтарды тазарту жұмыстары қарқынды ұйымдастырылды.
Қыс мезгілі басталғалы қала аумағынан 1 011 338 текше метр қар шығарылып, 4 800 текше метр еріген қар суы сорылды, сондай-ақ 95 578 метр арықтар тазартылды.
Аталған жұмыстарға 300-ге жуық техника, 750 коммуналдық қызметкерлер жұмылдырылды. Арықтарды қардан тазалау жұмысына қосымша әскери бөлімдердің жеке құрамы, сондай-ақ қаладағы жастар ұйымдары мен спортшылар тартылды.
Қазіргі таңда қала аумағында су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасуда. Тиісті қызметтер жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале