29.12.2025, 15:15
Оқылды: 59

Орал қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Бүгін Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында қала тұрғындары мен базар маңында қызмет көрсететін шағын кәсіп иелеріне арналған түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

IMG_3184

Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға үндеу және еріктілердің қатысуымен экологиялық бастамаларды кеңінен насихаттау.
Акция барысында 10-ға жуық жас ерікті белсенділік танытып, тұрғындармен жұмыс жүргізіп, «Таза Қазақстан» тақырыбында 100-ге жуық ақпараттық брошюра таратылды. 100-ге жуық қала тұрғынына тұрмыстық қалдықтарды дұрыс басқару және тазалық сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, базар аумағында орналасқан 20 шағын кәсіп иесіне санитарлық талаптар мен тазалық нормалары бойынша кеңестер берілді.

IMG_3181

IMG_3177

Шара барысында Батыс Қазақстан облысының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшы м.а. Нұрсұлтан Сарсенбаев акцияның маңыздылығына тоқталып: «Акцияның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру және еріктілерді тарту арқылы жасыл бастамаларды ілгерілету. Өңірімізде апта сайын тазалық шаралары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінгі іс-шараның ерекшелігі – еріктілердің белсенділігі мен тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталуы», – деп атап өтті.
Ұйымдастырушылар бұл бастаманың алдағы уақытта да жалғасатынын айтып, Орал қаласының тұрғындарын экологиялық акцияларға белсенді қатысуға шақырды.

БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале