8.06.2024, 14:30
Оқылды: 50

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда

Бүгін аталған акция шеңберінде «Таза жағалау» шарасы ұйымдастырылды. Экологиялық акция кезінде Жайық, Шаған, Деркөл өзендерінің жағалаулары күл-қоқыстан және тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылды, деп хабарлайды Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 

IMG-20240608-WA0011

Тазалық іс-шарасына Орал қаласы әкімдігінің, облыстық табиғи ресуртар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері, «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері атсалысты. Қатысушылар бірнеше учаскелер бойынша топтанып, жағалауды күл-қоқыстан арылтты.

IMG-20240608-WA0014

Бүгінгі акцияға 10-нан аса арнайы техника тартылып, 30 мың текше метр күл-қоқыс арнайы полигондарға шығарылды.

IMG-20240608-WA0026

«Тазалау жағалау» шарасы Зашаған, Деркөл, Круглоозерный кенттері мен Желаев селолық округінде де белсенді өтті.

IMG-20240608-WA0036

«Мұндай тазалық акцияларын өткізіп тұру қажет деп есептейміз. Өйткені тұрғындардың назарын қоршаған ортаның ахуалына, соның ішінде су айдындары жағалауларының тазалығына көңіл аударту қажет. Осындай жиі және ауқымды өткізілетін тазалық акцияларының арқасында жауапты табиғат пайдаланушыны тәрбиелеуге болады», - дейді Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев.

IMG-20240608-WA0015

Сурет авторы: Мәди Салық 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале