4.04.2025, 12:30
Оқылды: 194

Орал қаласында терроризмге қарсы оқу жаттығу өткізіледі

Ағымдағы жылдың 4 сәуір күні Орал қаласы, «Зенит» саяжай қоғамы аумағында жоспарлы түрде терроризмге қарсы күрес жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық жедел штабының ұйымдастыруымен оқу жаттығулар өткізілетін болады.

istockphoto-1942313667-2048x2048

Сурет: istockphoto.com

Осыған байланысты, сағат 20:00-ден 00:00-ге дейін «Зенит» саяжай қоғамы (телецентр) аумағында автокөлік пен халықтың қозғалысына қысқа уакытқа шектеулер болуы мүмкін.
Қозғалыс бағытын алдын-ала ойластыруды, сабырлық сақтауды және құқық қорғау қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

БҚО Жедел штабының БАҚ-пен өзара іс-қимыл тобы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале