15.12.2023, 22:10
Оқылды: 71

Орал қаласында волейболдан өткен қалааралық турнир аяқталды

12-15 желтоқсан аралығында Тәуелсіздік күніне орай 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында волейболдан өткен қалааралық турнир өз мәресіне жетті. Бұл туралы Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

IMG-20231215-WA0202

Турнирді Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі, БҚО волейбол федерациясы мен "Орал" спорт клубы ұйымдастырды.

IMG-20231215-WA0205

Жалпыкомандалық есепте І орынды Астана қаласының волейбол командасы иеленсе, "Үздік ойыншы" аталымымен сол команданың ойыншысы Жүнісәли Нұрәли марапатталды.

IMG-20231215-WA0210

ІІ орынды Орал қаласының волейбол командасы, ал "Үздік ойыншы" аталымын сол команданың ойыншысы Рамазан Оралбай иеленді.

IMG-20231215-WA0207

ІІІ орын Павлодар қаласының волейбол командасы, "Үздік ойыншы" аталымын сол команданың ойыншысы Әлішер Төлегенов еншіледі.

IMG-20231215-WA0208

Сондай-ақ Ақтөбе қаласының волейбол командасының ойыншысы Азиз Сапиев "Үздік ойыншы" атанды.

IMG-20231215-WA0203

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом, медаль, кубоктарымен марапатталды.

IMG-20231215-WA0213

IMG-20231215-WA0214

IMG-20231215-WA0215

IMG-20231215-WA0206

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале